«Болашаққа хат»

2 қазан күні колледжде өткен салтанатты сапта «Болашаққа хат» – «Келешекке жолдау» жобасының басталуы жарияланды. Бұл бастама ұрпақтар арасындағы тарихи сабақтастықты сақтауға, корпоративтік рухты күшейтуге және кәсіби отбасымыздың құндылықтары, дәстүрлері мен армандарын болашақ буындарға табыстауға бағытталған.

Бұл хаттар – тек жазылған сөздер емес. Олар – ұрпақтарды жалғайтын дәнекер. Олар – болашаққа деген сенімнің, үміттің және шабыттың хабаршысы.

Конверттің бетінде кері санағы бар QR-код орнатылған. Ол бізге күн сайын уақыттың алға жылжып жатқанын, сонымен бірге армандарымызбен қайта қауышатын сәттің де жақындап келе жатқанын еске салып тұрады. Бұл конверт – біздің болашаққа қалдырған аманатымыз, үміттерімізді сақтар қазынамыз және бүгін мен ертеңді жалғайтын нұрлы көпір!

#біздіңТжКБ#нашеТиПО