Құрметті Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқытушылары!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Кәсіби және жауапты медициналық кадрларды даярлау жолындағы сіздердің еңбектеріңіз қоғам үшін айрықша маңызды. Сіздің еңбегіңіздің, тәжірибеңіздің және ісіңізге адалдығыңыздың арқасында медициналық білім берудің ең үздік дәстүрлері жалғасуда.
Сіздерге зор денсаулық, құрмет, тұрақтылық және кәсіби жетістіктер тілейміз.


