Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шаралар аясында «Павлодар медицина жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-де «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы» атты зияткерлік ойын өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту және Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихын зерделеу арқылы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру.

Ойынға 120 ФРА, 130 ФРА және 140 ФРА топтарының студенттері қатысты.

Зияткерлік ойын бірнеше кезеңнен тұрды:

I тур – «Мен Қазақстан туралы не білемін?»

II тур – «Өз ойыным»

III тур – Капитандар сайысы

IV тур – Финал «Менің мақтанышым – менің Қазақстаным»

Қатысушылар өздерінің жоғары білімін, эрудициясын, командамен жұмыс істеу қабілетін және Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары және еліміз тарихына қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз!

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.