«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Дүниежүзілік азық-түлік күніне орай ұйымдастырылған Ұлттық бағдарлама тұжырымдамасы аясында колледжде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары және «Гипертония мектебі» үйірмесінің «Артериялық гипертензия кезіндегі тамақтану» тақырыбындағы отырысы өткізілді.

Аталған іс-шаралар студенттердің дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салты қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.