2025 жылғы 20 қарашада колледждің акт залында студенттермен кездесу өтті. Кездесуді Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Шахманов Азат Ертарғынович жүргізді.

 

Іс-шара барысында кибербуллинг, дипфейктер мен дропперлердің түрлері, сондай-ақ банк шоттарына қол жеткізуді беру мәселесіне қатысты жаңа заңнама нормалары талқыланды. Аталған құқықбұзушылықтар үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатыны атап өтілді. Студенттерге жеке деректер мен қаржылық қауіпсіздікті интернет кеңістігінде қорғау бойынша практикалық кеңестер берілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.