2025 жылғы 15–22 қараша аралығында ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК спорт залында медициналық ұйымдар арасындағы 55-ші қалалық кешенді спартакиада аясында волейболдан жарыстар өтті.

Жарыстарға 10 әйелдер командасы қатысты:

– №5 емхана

– ПОДБ

– №3 емхана

– СЭК

– ПООД

– ПМВК

– Тереңкөл аудандық ауруханасы

– Ақтоғай аудандық ауруханасы

– ПОКЦ

– ПОЦПЗ

Жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1-орын – ПМВК

2-орын – №3 емхана

3-орын – ПООД

Командалар Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталары мен медальдарымен марапатталды.