Бүгін Медициналық жоғары колледжде Павлодар қ. ПБ ОМПС ЦОП учаскелік инспекторы Смаилов М.К.-ның қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.

 

Іс-шара барысында буллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қарастырылды. Инспектор әсіресе кибералаяқтық тақырыбына тоқталып, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау мен цифрлық ортадағы заңсыз әрекеттер үшін жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

Контент-жоспардың 7-тармағына сәйкес 2025 жылғы 10–16 желтоқсан аралығында жас педагогтердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және педагог мамандығының оң имиджін нығайтуға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өткізілуде.