01.12 бастап Қаржы мониторингі академиясы – AML ACADEMY қаржылық қауіпсіздік бойынша «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» атты компьютерлік оқу ойынын (байқауын) ұйымдастырды. Бұл ойынға колледждің 1–2 курс студенттері қатысты.

Ойынның мақсаты – дұрыс ойлау қабілетін дамыту, қаржылық алаяқтықтың қауіптері мен тәуекелдерін анықтай білу, қаржылық сауаттылық бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, өз шешімдері мен әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті тәрбиелеу.

Қосымша жаңалықтар

Контент-жоспардың 7-тармағына сәйкес 2025 жылғы 10–16 желтоқсан аралығында жас педагогтердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және педагог мамандығының оң имиджін нығайтуға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өткізілуде.