2025 жылғы 4 желтоқсанда Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Маратұлы Шаметековтің жетекшілігімен медициналық ұйымдардың баспасөз қызметтерімен жұмыс кеңесі өтті

Кеңес барысында ақпараттық жұмысты дамыту, әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу, сондай-ақ медициналық мекемелердің ресми сайттарының құрылымын жетілдіру және контентін толықтыру мәселелері талқыланды. Жарияланатын материалдардың сапасы мен мазмұндылығын арттыруға бағытталған бірыңғай медиажоспар әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Жұмыс кеңесіне біздің колледжден БАҚ және сайт менеджері Салимбаева А.А. қатысты.