05.12.2025 ж. Павлодар қаласы полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері

Ішкі істер басқармасының зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Абжанова Айзат Толегенқызы және полиция капитаны Абзулдинова Айгерим Қайратовна — колледж студенттерімен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары жөнінде әңгіме өткізді.

Олар студенттерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен формаларымен, зорлық қаупі төнген әйелдің іс-әрекет алгоритмімен, сондай-ақ қиын, жанжал туындаған өмірлік жағдайларда жүгінуге болатын сенім телефондары жайында таныстырды.

Қосымша жаңалықтар

Контент-жоспардың 7-тармағына сәйкес 2025 жылғы 10–16 желтоқсан аралығында жас педагогтердің бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және педагог мамандығының оң имиджін нығайтуға бағытталған «Мен ұстазбын! Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджі өткізілуде.