Іс-шара барысында Диқан Әбілев атындағы кітапхана қызметкері оның өмір жолы, ғылыми еңбектері, журналистік қызметі және қоғамдық іс-әрекеттері кеңінен таныстырып өтті. Сонымен қатар, шарада ақын Қалижан Бекхожиннің ағасы, ғалым-тарихшы Қайыржан Бекхожинге арналған еске алу өлеңі оқылып, қатысушыларға бейнебаян арқылы оның шығармашылығы туралы толық мәлімет берілді.


