Медициналық колледж студенттеріне арналған жарқын әрі көңілді Жаңа жылдық дискотека өтті.

Көңілді музыка, би және мерекелік көңіл күй қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Студенттерді Жаңа жыл мерекесімен оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары
Байгульжина Жазира Забировна құттықтап, денсаулық, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Іс-шара барысында Жаңа жылдық лотерея ұйымдастырылып, студенттерге сыйлықтар таратылды.
Сонымен қатар Жаңа жылдық квиз өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Барлық студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Жаңа жыл құтты болсын!

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.