2025 жылғы 26 желтоқсанда, Жаңа жыл қарсаңында, колледжде педагогикалық ұжымды біріктіруге және жаңадан келген жас оқытушылардың бейімделуіне бағытталған іс-шара өтті.

Бағдарлама жас оқытушылар мектебі (ЖОМ) мен өткен жылдардағы жас оқытушылар арасындағы спорттық жарыстармен басталып, олар достық әрі белсенді атмосферада өтті. Одан кейін іс-шара мерекелік шай дастарқанымен жалғасып, оның аясында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.З Байгульжина құттықтау сөз сөйлеп, аталған іс-шараның ұжымдық рухты нығайтуға, коллективизмді дамытуға, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, сондай-ақ жас оқытушыларды педагогикалық ортаға қолдау көрсету мен олардың сәтті бейімделуіне бағытталғанын атап өтті. Бұдан әрі бағдарлама ЖОМ флешмобының көрсетілімімен және педагогтарға арналған интерактивті ойындармен жалғасты.
Іс-шара жағымды көңіл-күй қалыптастыруға және ұжымның бірлігін арттыруға ықпал етті.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.