Бенке О.А., «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК оқытушысы, штаттан тыс стоматолог Есимова Ж.К.-мен бірлесіп, «Ажар» ЖШС Стоматология №1 базасында 2024–2028 жылдарға арналған мектеп жасындағы балалар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алуды жетілдіруге бағытталған «Болашаққа сау тіспен» Жол картасын іске асыру аясында келесі тақырыпта семинар өткізді:
«Алдын алу кабинетіндегі дантист жұмысы: мектеп жасындағы балалардағы стоматологиялық аурулардың алдын алудың заманауи тәсілдері».
Семинар барысында мектеп оқушылары арасындағы стоматологиялық аурулардың алдын алудың заманауи әдістері, алдын алу кабинетіндегі профилактикалық жұмыстың алгоритмдері, қауіп факторларын бағалау, сондай-ақ есептік-есепке алу құжаттамасын жүргізу мәселелері қарастырылды.



