«Заң және тәртіп» идеологиясын колледжде ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында колледж студенттері Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы Коровин Владислав Александровичпен бірлесіп профилактикалық шараға қатысты.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, кибералаяқтық және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Мұндай бастамалар құқықтық сауаттылықты арттыруға және заңға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Челлендж Павлодар жоғары мұнай–газ колледжіне @neftegaz_pvl беріледі.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.