2026 жылғы 12 ақпанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің студенттері үшін Облыстық қан орталығының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті: медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары С.Б. Сыздықов және ГСК бойынша жауапты дәрігер М.Е. Каденова.

Іс-шара барысында колледждің оқытушылары мен студенттері арасында сүйек кемігін донорлау, оның әлеуметтік маңызы, донорлар регистріне тіркелу тәртібі және өтеусіз донорлық қозғалысты дамытудың маңыздылығы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.