Тәуелсіз біліктілікті бағалау — бұл түлектердің денсаулық сақтау жүйесінде өз бетінше практикалық қызметке кәсіби дайындығын растауға арналған міндетті рәсім. ТББ кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес теориялық білім деңгейі мен практикалық құзыреттерді объективті тексеру мақсатында өткізіледі.
Бүгін білім алушылар бірінші кезеңнен — бейіндік пәндер, клиникалық хаттамалар, медициналық көмекті көрсету стандарттары және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі мәселелері бойынша сұрақтарды қамтитын теориялық тестілеуден — сәтті өтті.



