Бүгін ПМВК-да «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат студенттері үшін Тәуелсіз біліктілікті бағалаудың (ТББ) бірінші кезеңі өтті.

Тәуелсіз біліктілікті бағалау — бұл түлектердің денсаулық сақтау жүйесінде өз бетінше практикалық қызметке кәсіби дайындығын растауға арналған міндетті рәсім. ТББ кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес теориялық білім деңгейі мен практикалық құзыреттерді объективті тексеру мақсатында өткізіледі.

Бүгін білім алушылар бірінші кезеңнен — бейіндік пәндер, клиникалық хаттамалар, медициналық көмекті көрсету стандарттары және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі мәселелері бойынша сұрақтарды қамтитын теориялық тестілеуден — сәтті өтті.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.