Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін қалыптастыру, сонымен бірге түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарында одан әрі бейімдеу бойынша білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру.
Шақырылған қонақ: Айғазинов Марат Ануарбекұлы – ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы. Айғазинов М.А. өзі таныстырған мекеменің қызметі, мансаптық өсу мүмкіндіктері, біліктілікті арттыру туралы айтып өтті. Кездесу барысында жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту, өндірістік тәжірибеден өту, қосымша біліктіліктер мен жұмыс тәжірибесін алу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, болашақ мамандарда қалыптастыру қажет іскерлік және жеке тұлғалық қасиеттер талқыланды: бастамашылдық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық, коммуникабельділік және т.б.



