Бүгін ПМВК-да қолданбалы бакалавриат студенттері арасында Ұлттық біліктілікті бағалаудың (ҰББ) екінші кезеңі өтті.

Практикалық кезең аясында білім алушылар кәсіби құзыреттіліктер деңгейін, клиникалық ойлауын, медициналық манипуляцияларды орындау алгоритмдерін, шұғыл көмек көрсету дағдыларын және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына сәйкес инфекциялық қауіпсіздік стандарттарын сақтауды көрсетті.

ҰББ – болашақ мамандардың біліктілігін растаудың және олардың өз бетінше кәсіби қызметке дайындығын айқындаудың маңызды кезеңі, сондай-ақ медициналық білім беру жүйесіндегі кадрларды даярлау сапасының көрсеткіші болып табылады.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.