2026 жылғы 18 ақпанда санитариялық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Пфенинг Г.Д. «Түлектердің ментормен кездесуі» атты аудиториядан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шара «Өз мамандығымды мақтан тұтамын» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ұйымдастырылды. «Фармация» мамандығының білім алушылары фармацевтикалық «Биосфера» ЖШС компаниясының өкілдері Усманова К.И. және Гордиенко А.В.-мен кездесіп, еркін пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі жұмыс берушілердің талаптары және фармацевтика саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – түлектер мен жұмыс берушілер арасында тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыру, жас мамандардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, жұмысқа орналасуына және кәсіби ортаға табысты бейімделуіне ықпал ету болды. Осындай кездесулер кәсіби мотивацияны қалыптастыруға және білім беру ұйымы мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 24 ақпанда клиникалық пәндер №1 ЦМК пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жеңісбеков А.А. «Емдеу ісі» мамандығының 310 тобының білім алушыларына «Терапиядағы жедел шұғыл көмек» пәні бойынша «Жедел аллергия» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық пәндер ЦМК пәндік апталығының қорытындысында арнайы пәндер оқытушылары Тауырбеков Т. Р. мен Торбаева С. К. 310-топ «Стоматология» мамандығы студенттері арасында «Үздік дантист» атты кәсіби байқау өткізді.