Конкурс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКБ) ұйымдарының оқу, кәсіби, ғылыми, қоғамдық және шығармашылық қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген 100 үздік студентін анықтауға және ынталандыруға бағытталған.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі: ішкі, өңірлік және республикалық. Жеңімпаздар «OUTSTANDING STUDENTS AWARDS» ресми марапаттау рәсімінде марапатталады, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және жергілікті атқарушы органдар. Оператор — Talap КЕАҚ.














