2026 жылғы 17 ақпанда Павлодар медициналық жоғары колледжінің акт залында студенттерге терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.

Кездесуді Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің лекторы Кульжибаев С. жүргізді. Ол экстремистік және террористік ұйымдарға қатысудың жауапкершілігін түсіндіріп, деструктивті құрылымдарға тарту белгілері туралы баяндады.

Іс-шараның мақсаты – жастарды заңсыз әрекеттерге тартылудан сақтандыру және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.