25.02.2026 ж. клиникалық пәндер №1 ЦМК апталығы аясында «Гипертония мектебі» үйірмесінің жетекшісі Құлбекова Ш.Ж. «Артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу» тақырыбында ашық отырыс өткізді.

Мақсаты: Пациенттердің артериялық гипертензияны емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдері туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Мектеп тыңдаушылары медициналық білімі жоқ колледж қызметкерлері болып табылады.

Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу, асқынулардың алдын алу туралы қысқаша әрі қолжетімді түрде ақпарат беріліп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптастырылды. Ақпаратты бекіту мақсатында үйірме мүшелері тыңдаушылармен интерактивті викторина өткізді. Сабақ барысында студенттер пациенттерді оқыту дағдыларын бекітті. Тыңдаушыларға артериялық гипертензияны емдеу және алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.

Қосымша жаңалықтар

2026 жылғы 03 наурызда клиникалық пәндер №2 ЦМК пән апталығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Жұмағалиева А.К. білім алушылар мен ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» КМК-ның бас мейіргері Садыкова Ж.Ж. қатысуымен «Кәсіби диалог» атты дөңгелек үстел өткізді.

2026 жылғы 26 ақпанда №1 клиникалық пәндер ЦӘК пәндік апталығы аясында Павлодар медициналық жоғары колледжі арнайы пәндер оқытушысы Адильбаева А.К. «Науқастың жағдайын клиникалық бағалау» пәні бойынша «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі «Мейіргер ісі» мамандығының 110 пб тобында «Кеуде қуысын қарау және пальпациялау техникасы» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді.