Іс-шараның мақсаты – ойын технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың «Анатомия және физиология» пәні бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету. Викторина блиц-сауалнама және ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңдерінен тұрып, білім алушылардың клиникалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды. Тапсырмаларды сәтті орындаған қатысушылар марапатталып, олардың клиникалық пәндерге деген қызығушылығы мен ынтасы артты.
