Дөңгелек үстелдің мақсаты – тәжірибе алмасуға арналған ашық кәсіби диалог алаңын құру, клиникалық ойлауды қалыптастыру және кәсіби уәждемені дамыту. Кездесу барысында кәсіби қызметтің өзекті мәселелері, медициналық ұйымдағы жұмыс ерекшеліктері және мейіргерлік істің даму перспективалары талқыланды. Студенттер диалогқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби уәждемесін нығайтуға және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

