«Ең үздік акушер – 2026» байқауы өтті

2026 жылғы 5 наурызда КМК клиникалық пәндер ЦМК №2 апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Гущина Е.А. және Ланина Т.В. «Ең үздік акушер – 2026» байқауын «Акушер ісі» мамандығының 3 курс студенттері арасында өткізді. Байқаудың мақсаты – студенттердің теориялық білімін бекіту және тереңдету, сондай-ақ оқу барысында алған практикалық дағдыларын жетілдіру болды. Байқау бағдарламасына үш кезең кірді. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, болашақ мамандығы туралы айтып берді. Екінші кезеңде кәсіби білімді тексеруге арналған блиц-сұрақтар өткізілді. Соңғы кезеңде студенттер өздерінің практикалық дағдыларын көрсетті, кәсіби дайындық деңгейін айқын дәлелдеді.

Байқау студенттерге кәсіби құзыреттілігін, клиникалық ойлау қабілетін, жауапкершілігін және таңдаған мамандығына қызығушылығын көрсетуге мүмкіндік берді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:

1 орын – Мукина Аимгуль, 320 ак тобының студенті;

2 орын – Садвакасова Аида, 320 ак тобының студенті;

3 орын – Иохина Камила, 320 ак тобының студенті.