8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі аясында «Қазақтану» үйірмесінің ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Ару қыздар байқауы» өтті.
Байқау барысында қатысушы арулар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Олар өзін таныстыру, шығармашылық номер, аспаздық өнер және эрудиция кезеңдерінде бақ сынап, өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Байқау қорытындысы бойынша:
🏆 Гран-при
🥇 I орын
🥈 II орын
🥉 III орын иегерлері анықталды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар мадақтама қағаздаоымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.


