Іс-шара барысында Наурыз мерекесінің маңызы, оның ішінде отбасылық құндылықтардың рөлі, үлкендерді құрметтеу, қонақжайлық және ұлттық дәстүрлерді сақтау мәселелері талқыланды.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, Наурыз мерекесіне байланысты отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Іс-шараның мақсаты – жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру және отбасылық құндылықтардың маңызын түсіндіру.
Іс-шараны арнайы пәндер оқытушысы Сыбанбаева Д.А. ұйымдастырып, жүргізді.


