2026 жылғы 19 наурыз күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Г.Х. Касимова 110, 120 — мейіргер ісі, 110 — емдеу ісінің студенттерімен бірге С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен «Өсиет айтайық» family Talk атты танымдық іс-шарада болып қайтты.

Аталмыш іс-шара Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналып, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Құрманәлі Перизаттың қатысуымен өтті.
Қатысушылар тәрбиелік мәні зор мағлұмат тыңдап, танымдық ойындарда белсенділік танытып пайдалы уақыт өткізді.