Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білім алушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен таныстыру. Осы орайда танымдық әрі мерекелік «Баурсақ party» акциясы ұйымдастырылды.
Басқосу жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Студенттер мен колледж қызметкерлеріне бауырсақ ұсынылып, жылы әрі достық атмосфера қалыптасты.
Ұлттық дәстүр – ұрпақтар сабақтастығының негізі.


