«Үздіксіз білім берудегі инновациялық идеялар»

2025 жылдың 18 қазанында колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. және колледж педагогтері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы» РМКҚ ұйымдастырған «Үздіксіз білім берудегі инновациялық идеялар» тақырыбындағы республикалық WORKSHOP-семинарына спикер ретінде қатысты. Іс-шараның мақсаты - педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және білім беру үдерісін жетілдіруге, білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған заманауи инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандыру болып табылады. Семинар барысында қатысушылар құнды тәжірибе алмасты, білім беру процесіне инновациялық идеяларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылады және алғыс хаттар мен қатысу сертификаттарымен марапатталды.  …

Continue Reading«Үздіксіз білім берудегі инновациялық идеялар»

19 қазан күні «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында медициналық мекемелер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 10 команда қатысты, оның нәтижесінде біздің ерлер құрама командасы 2-орынға ие болды.

Колледж намысын 31 «Мейіргер ісі» тобының білім алушысы Абдилатифов Отабек пен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Негодин Георгий Георгиевич қорғады. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Continue Reading19 қазан күні «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында медициналық мекемелер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 10 команда қатысты, оның нәтижесінде біздің ерлер құрама командасы 2-орынға ие болды.