19 қазан күні «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында медициналық мекемелер арасында облыстық жарыс өтті. Жарысқа 10 команда қатысты, оның нәтижесінде біздің ерлер құрама командасы 2-орынға ие болды.

Колледж намысын 31 «Мейіргер ісі» тобының білім алушысы Абдилатифов Отабек пен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Негодин Георгий Георгиевич қорғады. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.