Павлодар медициналық жоғары колледжінің “Мейіргер ісі” тобының студенттері, Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен, қазақтың қайтпас ері Бөгенбай батырдың туғанына 345 жыл толуына орай «Қазақтың қамал қорғаны» атты сұхбат- конференциясына қатысты!
Іс-шара барысында студенттер Бөгенбай батырдың өмірі мен ерлік жолы туралы тың деректермен танысып, ұлт тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.