Басты бет/ Оқу колледжі

Оқу колледжі

«Оқу колледжі» тұжырымдамасы
Оқу колледжі
 
Тұжырымдама жоспары
«Оқу колледжі» іс-шара жоспары
 
 
 
Оқу колледжі жоспары
 
 

Жыл басынан  «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын орындау жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды.

 Қыркүйек айында «Буккроссинг» акциясы өз жалғасын тапты. Бұл акцияның мақсаты кітап алмасу арқылы оқырмандардың кітап оқуға құштарлығын арттыру. Бұл стенд колледждің ортаңғы дәлізінде орналасқан. Кез келген оқырман өз қалауынша қатыса алады.

  2023 жылдың 18 қазаны күні Павлодар медициналық жоғары  колледж кітапханасының оқу залында республикаық  «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында   «Жүр, досым, кітапханаға»  атты  ашық есік күні өтті. Мақсаты: студенттердің рухани – мәдени білімдерін көтеру, әр студенттің  ой – танымын қалыптастырудың негізін қалауға  ықпал ету. Өңіріміздің танымал адамдарымен жақынырақ танысу.

 Арнайы « Кітап –  адамзат шежіресі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде көне кітаптар сөресі де енгізілді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы басшысының орынбасары Айбек Оралхан (Оралқанов Айбек Тілеубекұлы) қатысып, студенттер мен қатысушыларға аталмыш тақырыпқа байланысты көптеген деректер айтты. Әңгімені қызыға тыңдаған оқырмандар, Айбек ағаға сұрақтарын жаудырды. Ең қызық сұрақ иесі қонақ атынан  сыйлыққа ие болды.  «Біздің кітап қорындағы кітаптың авторы» рубрикасының қатысушы,  «Мейіргер ісі негіздері» кітабының авторларының бірі: білікті ұстаз, дәрігер Наталья Федоровна Вац кітаптың  шығу тарихы туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жылы-шырайлы өткен кездесу барысында ән, би, күй шырқалып қатысушылар  көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

   2022 жылғы 18 қазандағы  833 қаулысымен «Кітапханашылар күні» кәсіби мерекесі бекітілді. 24 қазан – Кітапханашылар күні.

 Осы мерекеге орай, 2023 жылғы 22 қазан күні Павлодар медициналық жоғары колледжі кітапханасының қызметкерлері 14 мейіргер ісі тобының студенттері Жолдина Милана және Акушев Ислам қатысуымен кітапханада  өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды.

2023 жылдың 16 қарашасы күні  Павлодар медициналық жоғары колледж  кітапханасының  ұйымдастыруыменоқырмандар арасында «Таныса жүрейік!»  атты кітапханалық  журфикс өтті.

 Мақсаты : Әр салада  жұмыс істеп, сүйікті кәсіппен айналысып жетістікке жеткен еңбекқор жерлестеріміздің қоғамға пайдалы өнегелік қасиеттері арқылы бәсекелікке қабілетті, ұлтжанды, бойында адалдық пен ізгілік, инабаттылықты қалыптастырған тұлға тәрбиелеу. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, кәсіп, мамандық таңдауға, игеруге бейімдеу. Бос уақытты тиімді өткізуді жоспарлауға көмектесу.

Бұл кездесу біздің өңірімізде, біздің арамызда жүрген қызықты адамдармен, олардың жасап жүрген кәсібімен жақынырақ танысуға арналды.

 Кездесу қонақтары : “Ұлт тағдыры”қозғалысының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі, облыстық “Қазақ  тілі”қоғамының Алқа мүшесі, облыстық”Ақсақалдар тағылымы” бірлестігінің мүшесі,  ҚР-сы Журналистер одағының мүшесі, Ақсу қаласының құрметті азаматы Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы «Қазақ аналары Дәстүрге жол» республикалық  қоғамдық бірлестігінің  Павлодар облысы бойынша төрайымы, «Қажылар қауымдастығының төрайымы  Әбсаттарова Айжан  Абылхаировна және  ұстаз, музыкант, қоғам белсендісі  Балкенов Жанұзақ Қорабаевич өз шәкірттерімен болды.

 Кездесу сұрақ-интервью ретінде, еркін отырыс түрінде өтіп, студенттер көптеген  қызықтырған  сауалдарына   жауап алып риза болды.

 Қазақ әндерін жаңғыртып, жаңа нақышқа келтіріп жас ұрпаққа үйретіп жүрген Жанұзақ Қорабай ұлы шәкірттерімен репертуарындағы көптеген әндерін орындап қатысушыларға әсерлі де көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 Кездесу барысында жақсы ойлар айтылды,  жақсы  әндер шырқалды, жақсы күй де шертілді! Мағынасы терең дүние таратылды, жеткізілді.

    Кездесудің аяғында колледж директоры Б.К. Касимова қонақтарға ризашылығын білдіріп, студенттерді осы сәттерде тәрбиелік мәні зор дүниені саналарына сіңдіріп, жақсы түйіндеуге шақырды.

     2023 жылы алтыншы желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжі кітапханасы  « Оқуға құштар колледж» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  тарих пәнінің  мұғалімі А.А. Жакишева және кітапхана кізметкерлері  «Бір колледж – бір кітап» – акциясын өткізді. Акция мақсаты: жастардың әдебиет пен поэзияға қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау,жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру,ана тілін құрметтеу. Акцияға қоғам қайраткері,ақын,жазушы,драматург, педагог,публицист,аудармашы, құғын-сұргін құрбаны Міржақып Дұлатұлының « Оян, Қазақ!» кітабы арқау болды.

2023 жылы 25 желтоқсанда Павлодар медициналық жоғары колледжі кітапханасы  « Оқуға құштар колледж» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  « Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз!» атты әдеби аукцион өткізді. Мақсаты: студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, қазақ ұлтына, кейінгі ұрпаққа деген өсиеттерін, ілім-білімін  бойларына дарытып, мұрасын құрметтеуге көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Сонымен қатар, әдебиетке деген қызығушылықты дамыту,  студенттердің  интеллектуалдық шеңберін кеңейту , әдеби білімдерін  жетілдіруге ынталандыру , өз ой-тұжырымдарын дәл және негізделген түрде жеткізе білуді қалыптастыру,  басқа студенттердің ойын тыңдай біліп, жауабын толықтыра білуді қалыптастыру. Қатысушылар:  110 мейіргер ісі «Зерек» және 110 емдеу ісі «Мұрагер»  командалары болды. Білім аукционы: «Есімдер», «Фактілер»,  «Шығармалар»,  «Музыкалық раунд» деген атаулардан тұрды.  Аталмыш іс-шараға «Абайды білмек болсақ…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлы  Абайдың « Қара сөздері», «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп…», « Қалың елім, қазағым…», «Ескендір» поэмасы, « Абайдың өлендері», « Аудармалар», « Әл-Фараби және Абай» атты шығармалары ұсынылды.  Аукцион барысында, қатысушылар Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін көрсетіп, әндерін орындады. Екі топтың қатысушылары да Абай Құнанбаевтың ерекше тұлғасына деген қызығушылықтары мол екенін көрсетті. Ойын талабын жақсы орындап теңбе-тең нәтижеге жетті. Іс-шара барысында барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге жақсы әсерге бөленіп, өткізілген уақыт пайдалы, мақсаты оң нәтижелі болды.

2024 жылдың 8 ақпаны  күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқу залында  «Оқуға құштар колледж» бағдарламасының аясында  “Менің қалам, сенің есіміңде не бар?”  кітапхана шолғыны (библиотечный дозор) өтті.

 Мақсаты: Өлкені тану. Туған жерге, елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру. Студент-жастардың ой-пікірлерін жеткізуге үйренуіне, пікір-талас құруға  бейімделуіне ықпал жасау. Кітап оқуға тарту.

110 мейіргер ісі студенттері Павлодар облысының  тарихи оқиғалары мен тұлғалары, елді мекендері туралы  жасалған  викторина сұрақтарына жауап беріп сүйікті қаламыз  Павлодар және өңіріміздің қасиеті мен қадірін ортаға салып бөлісті. Іс-шараға арнайы «Туған өлкем неткен көркем» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері шолу жүргізді. Сұрақтарға толық және шұғыл жауап берген студенттер: Есет Нарсұлтан, Аманкелді Раушан, Вовка Айжан номинациялар бойынша сыйлыққа ие болды.  Іс-шараның қадірлі қонақтары ретінде “Қазақ аналары-дәстүрге жол ” республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша төрайымы Апсаттарова Айжан Абылхайрқызы, Баянауыл ауданы бойынша төрайым Мәшім Жамбы Ипатқызы, шебер аналар белсендісі, кәсіпкер ана Гүлнәр  ханым және қоғам белсендісі  Батимаш ханым қатысты…Студенттер мен ұстаздар Павлодар облысының тарихына үңіліп, Қазақ аналарының  туған елге деген сүйіспеншілік, дәстүрге деген құрмет, ұлттық  құндылығымыз бен кодымыз жайында көңілге түрткі болатын әсерлі сұхбатын тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Ән шырқалды, өлеңдер оқылып кездесу жылы-шырайлы күйде жалғасып, шебер ана  Гүлнәр  ханымның қолынан шыққан киім үлгілері мен бұйымдары тамашаланып, салтымызға, ұлттық киімге, бұйымдарымызға қызығушылық арта түсті…

2024 жылдың 28 наурызы күні колледж кітапханасының оқу залында «Оқуға құштар колледж» республикалық бағдарлама аясында «Қалам сынағы» поэтикалық центоны өтті.

Мақсаты: центонның тарихи бастауларына түсінік беру, студент жастардың арасында поэзияға қызығушылық таныту, құштарлық туғызу, центон шығару ережелерінің жинағын құрастыру, үйрену.

           Қатысушылар алдын-ала анықталып:

  • тақырып бойынша теориялық және тарихи-әдеби шығармаларды зерделеу;
  • центонды құрастырудың қажетті шарттарын анықтау;

өз центоныңды құрастыр – деген тапсырмалар берілген болатын. Қатысушылар: 110 фельдшерлік тобының студенттері: Байдаулетқызы Ақбота, Әбілсеиіт Жансая, Ермұрат Інжумаржан және 13 мейіргер ісі тобының студенті Хуан Ақбота,  қазақ ақындарының өлең жолдарын қолдана отырып шығарған туындыларын оқып, қаламдарын сынап көрді. 110 мейіргер ісі тобының студенті Амангелді Раушан Абай өлеңдеріне өз шумақтарын келтіріп центонын онлайн түрде жолдады. Кітапханада өткен поэзия уақыты әсерлі, қызықты болды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері «Өлең сөздің патшасы» – атты кітап көрмесіне шолу жүргізді.

Павлодар медициналық жоғары колледжінің оқу залында  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, екінші білікті санаттағы арнайы пәндер оқытушысы  Жазира Зәбірқызы Байгульжинаның   жаңа басылып шыққан   «Терапиядағы мейіргер ісі» кітабының тұсау кесері өтті.

Кештің мақсаты: Студенттер мен оқытушыларға   кітаптардың авторы  Байгульжина Жазира Забировнаның  шығармашылығымен кеңінен таныстырып, кітаптың ішкі мазмұнын ашып, оқырмандарды қызықтыру.

Тәрбиелілігі: автордың тәлімін, жарық көрген кітаптың мазмұнын оқырмандарға жеткізу. 

Колледж директоры Б.Қ. Касимованың алғы сөзінен кейін жаңа кітаптың символдық лентасы қиылды. Іс-шара барысында пікір жазғандардардың бірі Ш.Ж. Кулбекова және кітаппен танысып үлгерген оқытушы мамандар кітаптың шығу мақсаты мен мазмұны туралы өз пікірлерін ортаға салып құттықтауларын білдірді.  Кітап авторы Ж.З. Байгульжина жиналған қауымға кітап жазуға түрткі болған себептерін атап өтіп, қызығушылық білдірген оқырмандарына ризашылығын білдірді. Кітапхана қызметкерлері аталмыш іс-шараға арнайы жасалған суретке түсу аймағымен (фотозона) таныстырды. Ретро стильде жасалған аймақ қатысушыларды қызықтырып, естелік суретке түсуге тартты.

 Кітаптың өз оқырманын тауып, медицина мамандығын таңдаған білім алушыларға, оқытушы мамандарға қажетті деректерге қанық болуына  зор пайдасын тигізетініне сенімдіміз.

    2024 жылдың  2 мамыры күні павлодар медициналық жоғары колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  өткізілген «Оқитын адам-жетістікке жеткен адам» атты кітапханалық квилттің  тақырыбы  – кітап және кітап оқығанның  пайдасы туралы болды.

Іс-шараның мақсаты – студенттер мен оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, сыни ойлауға баулу,  кітап оқуды дамытудағы заманауи әдістер мен формаларды тәжірибеде қолдану, тыңдаушылардың кітапхана ролі туралы ойларын мотивациялау, жеткізілген ақпарат бойынша  ойларын қалыптастыруға дағдыландыру, дұрыс қабылдау, түйсінуге үйрену.

 Кездесуге арнайы қонақ ретінде шақырылған: кәсіпкер, «Нұрқай» канцелярлық тауарлар дүкендері желісінің негізін қалаушы,  бүгінгі күні  өзінің кәсібі арқылы жетістікке жетіп отырған Нұрқаев Қайрат Қалиұлы, студенттерге жетістікке   қандай құндылықтар мен қасиеттер арқылы жетуге болады екені туралы, кітап оқудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға «Абай жолы» романы туралы сұрақ-жауап ұсынылды. Белсенді қатысқандар сыйлыққа ие болып, 110 мейіргер ісі тобының студенті Амангелді Раушан «әдебиет білімпазы» атанды. Студенттер көкейіндегі сауалдарға сұрақтары арқылы жауап алып, пайдалы уақытты қызықты адаммен бірге өткізгендеріне разы болды.

Павлодар медициналық колледж кітапханасы «Оқуға құштар колледж» республикалық бағдарламасының белсенді қатысушы студенттерін: Амангелді Раушан, Есет Нарсұлтан, Хуандых Бейбіт, Вовка Айжан, Шоқанова Гүлсара, Байдәулетқызы Ақбота, Хуат Айдана, Габаева Анна, Фергалюк Валентина, Қарамұрзинов Амир, Төлеухан Нұрқадиша «Жылдың  үздік оқырманы» номинациясы бойынша салтанатты түрде марапаттады. Студенттермен қатар, әдіскер маман, оқытушы Жакишева Айсұлу Ажмағынқызы да бұл номинацияның иегері болды. Айсұлу Ажмағынқызы студенттерді кітап оқуға, кітапханаға жақынырақ болуларына бағдар көрсетіп, кітап құмар ұрпақ тәрбиелеуге ат салысып келеді.

 «Нұрқай» канцелярлық тауарлары дүкендерінің негізін қалаушысы Қайратбек Қалиұлы Нұрқаев үздік оқырмандарына өз дүкенінен сыйлық тарту етті. Барлық қатысушыларға рухани және тән байлығының тепе-теңдігін, шығармашылық табыс тілейміз! «Үздік оқырмандар» саны көбейе берсін!