Іс-шара аясында қонақтар колледж мамандықтарымен, қабылдау ережелерімен және студенттік өмірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар үшін кәсіби шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оқытушылармен және студенттермен кездесулер өтті. Кездесу барысында барлық ниет білдірушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру шеберлік сыныптары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында қатысушыларға колледждің негізгі мамандықтары мен тарихы таныстырылды.
Концертте құттықтау сөз сөйлеген оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. болашақ талапкерлерге саналы таңдау жасап, Павлодар медициналық жоғары колледжінде білім алуды жалғастыруға тілек білдірді.


