Павлодар медициналық жоғары колледжі 3 сәуір күні Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара аясында қонақтар колледж мамандықтарымен, қабылдау ережелерімен және студенттік өмірдің ерекшеліктерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды. Қатысушылар үшін кәсіби шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оқытушылармен және студенттермен кездесулер өтті. Кездесу барысында барлық ниет білдірушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.   Мектеп оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру шеберлік сыныптары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында қатысушыларға колледждің негізгі мамандықтары мен тарихы таныстырылды.   Концертте құттықтау сөз сөйлеген оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Байгульжина Ж.З. болашақ талапкерлерге саналы таңдау жасап, Павлодар медициналық жоғары колледжінде білім алуды жалғастыруға тілек білдірді.

Continue ReadingПавлодар медициналық жоғары колледжі 3 сәуір күні Ашық есік күнін өткізді.

Павлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі, кәсіподақ комитеті және ұжымы «Студенттер үйі» қызметкері Майра Бариевнаны зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметтеп, салтанатты шара өткізді.

Іс-шара барысында оның көпжылдық адал еңбегі, жауапкершілігі және жайлы әрі жылы атмосфера қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғысқа толы жылы лебіздер айтылды. Майра Бариевна өз ісіне деген адалдығы мен әріптестері және…

Continue ReadingПавлодар медициналық жоғары колледжінің әкімшілігі, кәсіподақ комитеті және ұжымы «Студенттер үйі» қызметкері Майра Бариевнаны зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметтеп, салтанатты шара өткізді.