2026 жылғы 20 қарашада жалпы гуманитарлық және жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК-нің пәндік апталығы аясында оқытушы Жаксыбаева Д. Е. «Емдеу ісі» мамандығының 140 ф-ра тобы студенттеріне «Қызықты цифрлық технологиялар» тақырыбында ашық аудиториядан тыс іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында студенттердің цифрлық технологияларға қызығушылығын арттыру, цифрлық білімнің қазіргі әлемде және болашақ медицина маманының жұмысында қаншалықты маңызды екенін көрсету. Командалық тапсырмалар студенттерге информатика пәні бойынша білімдерін бекітуге және бірлесіп шешім табуға көмектесті.
Іс-шара командалық сайыс түрінде өтті. Студенттер «Информатика тұлғалары», «Вирустың салдары», «Цифрлық эстафета», «Шындық па, жалған ба?» байқауларына қатысып, сөзжұмбақтар мен ребустар шешті. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, информатика саласындағы белгілі тұлғаларды еске түсірді және тапсырмаларды орындау барысында білімдерін қолданды.
Ойын студенттерге білімдерін, тапқырлығын және бірлесіп шешім табу қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.