Комиссия оқытушылар ұсынған байқау жұмыстарын қарап, бағалады.
Қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибесін, педагогикалық идеяларын және оқу сабақтарына арналған авторлық әдістемелік әзірлемелерін ұсынды. Бағалау қорытындысы бойынша — І орынды Баяхметов Темирхан Казымбекович, ІІ орынды Алимуханова Бахыт Ныгметовна, ІІІ орынды Нурахметова Айгуль Ольжибаевна иеленді. Қалған қатысушыларға байқауға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық ізденісі мен педагогикалық шеберлігін дамытуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!

