2026 жылғы 19–23 қараша аралығында жалпы гуманитарлық және жалпы кәсіптік пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының пән апталығы аясында оқытушы Тлектес С. Ж. колледж студенттері арасында ұлттық зияткерлік ойын «Тоғызқұмалақтан» турнир өткізді.
Іс-шараның мақсаты — ұлттық ойынды кеңінен насихаттау, студенттердің логикалық ойлауы мен стратегиялық дағдыларын дамыту, сондай-ақ мәдени дәстүрлерді сақтау. Қатысушылар ойынға қызығушылық танытып, жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды «Мейіргер ісі» мамандығының 110-топ студенті Сеитова А., ІІ орынды осы мамандықтың 310-топ студенті Шакенова Г., ІІІ орынды 150-топ студенті Феденко Р. иеленді.
Ұлдар арасында І орынды «Емдеу ісі» мамандығының 140-топ студенті Вагитов Ш., ІІ орынды 230-топ студенті Сафиулин Р., ІІІ орынды 140-топ студенті Воскобойник Д. иеленді.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!


