📚 УАҚЫТ ҚОЙНАУЫНАН: МЕДИЦИНА ТАРИХЫНЫҢ БЕТТЕРІ

Павлодар жоғары медициналық колледжінің кітапханасында оқырмандарды өткен жылдардағы кітап мұрасымен таныстыратын медициналық әдебиеттердің ретро-көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — медициналық әдебиеттің тарихи мұрасына деген қызығушылықты арттыру, медицина ғылымының даму жолымен таныстыру, әр дәуірдегі ғалымдар мен дәрігерлердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрмеден ерекше орын алған — «Терапия негіздері» атты кітап-мерейтой. Бұл кітап 1926 жылы Ленинград қаласында жарық көрген. 2026 жылы басылымның жарық көргеніне 100 жыл толады!
Профессорлар С. А. Бруштейн мен Д. Д. Плетнёвтің редакциясымен жарық көрген бұл еңбек — ХХ ғасырдағы медициналық ғылым мен дәрігерлік білімнің даму тарихының айғағы.
Кітаптың титулдық бетінде сақталған «Курорт Муялды» мөрі ерекше қызығушылық тудырады. Бұл белгі кітап тарихын туған өлкеміздің медициналық тарихымен байланыстырады.
📖 100 жыл — кітап беттерінде сақталған тұтас бір тарих!
#КітапОқитынҰлт#КолледжКітапханасы #РетроКөрме #ҒасырКітабы #Кітапқа100Жыл #МедицинаТарихы #МедициналықКолледж