ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ! ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ – 35 ЖЫЛ!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Павлодар медициналық жоғары колледжінің кітапханасында «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 35 жыл» атты тақырыптық ақпараттық стенд пен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, оқырмандардың еліміздің өткені мен бүгініне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, туған елге деген құрметті нығайту.
Көрме оқырмандарды еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдермен, тәуелсіздікке бастау болған тарихи оқиғалармен және қазіргі Қазақстанның қалыптасу жолымен таныстырады.
Кітап көрмесінде екі тақырыптық бөлім ұсынылған:
📖 «Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы» – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары, оған қатысушылар және бұл тарихи оқиғаның қазақ халқының тағдырындағы маңызы туралы кітаптар мен материалдар.
📖 «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы» – 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі еліміздің тарихын, экономикалық, саяси және әлеуметтік даму жолын, жетістіктері мен өзгерістерін баяндайтын басылымдар.
Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес байлығы, азаттықтың, бірліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің символы!
🇰🇿 Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!
#КітапОқитынҰлт#ҚазақстанТәуелсіздігіне35жыл #Тәуелсіздік #Павлодар #КолледжКітапханасы