2026 жылғы 13 наурызда колледждің акт залында студенттердің Павлодар қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға Павлодар қ. ПБ СОП ООБ ГЮП инспекторлары — полиция майоры Калкамбеков Е.Д. және Түлкібек А.А., сондай-ақ Павлодар қ. ЧП ЦОП ООБ учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Коровин В.А. қатысты.
Кездесу барысында студенттермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе, ұрлық жасағаны үшін жауапкершіліктің алдын алу, қоғамдық орындарда балаклава кию, сталкерлік әрекеттердің көріністері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін қоғамдық орындарда болуына қатысты заңнаманы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және студенттер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.