2026 жылғы 13 наурызда клиникалық пәндер №3 ЦӘК пәндік апталығының қорытындысы аясында арнайы пәндер оқытушысы Сейсембекова М.Е. қолданбалы бакалавриаттың 210 тобының студенттеріне арналған «Кәсіби көзқарас
«Кәсіби көзқарас: иммобилизациядағы аға мейіргердің рөлі» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізді. Іс-шараның мақсаты – жарақаттар кезіндегі иммобилизацияның практикалық дағдыларын меңгеру арқылы студенттерде мейіргердің әмбебап клиникалық маман ретіндегі кәсіби рөлі туралы түсінігін қалыптастыру. Іс-шараның құрметті қонағы Павлодар облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің аға мейіргері Сулейменова Айгуль Болатовна болды. Ол студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, қабылдау бөлімінде мейіргер жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді және күнделікті медициналық тәжірибеде қолданылатын практикалық дағдыларды көрсетті. Мастер-класс барысында қатысушыларға жарақаттар кезінде қолданылатын негізгі иммобилизация тәсілдері көрсетілді. Атап айтқанда: гипстік лангетаны салу, Дезо таңғышын салу техникасы, сондай-ақ жарақаттар кезіндегі иммобилизацияның негізгі қағидалары таныстырылды. Өткізілген іс-шара…