Іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі — «баланы қырқынан шығару» рәсімі көрсетілді. Бұл студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар — асық ату және арқан тарту ұйымдастырылып, студенттер белсенді түрде қатысты.
Мерекенің сәнін келтірген қобызда орындалған күй мен ұлттық би көпшіліктің көңілінен шықты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ұлттық мәдениетті насихаттауға өз үлесін қосты.


