«Студенттер үйі» жатақханасында Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі — «баланы қырқынан шығару» рәсімі көрсетілді. Бұл студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар — асық ату және арқан тарту ұйымдастырылып, студенттер белсенді түрде қатысты.

Мерекенің сәнін келтірген қобызда орындалған күй мен ұлттық би көпшіліктің көңілінен шықты.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ұлттық мәдениетті насихаттауға өз үлесін қосты.