17 маусым күні колледждің акт залында ғылыми, спорттық, шығармашылық және волонтерлік бағыттарда жоғары жетістіктерге жеткен қызметкерлер мен студенттерді ұлықтауға арналған дәстүрлі қорытынды жиын өтті.

Іс-шарада директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгульжина Ж.З. құттықтау сөз сөйлеп, студенттер мен қызметкерлердің жетістіктерін, сондай-ақ колледждің беделі мен рейтингісін арттыруға қосқан үлестерін ерекше атап өтті. Жиын барысында үздік студенттер оқу мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі және жоғары көрсеткіштері үшін грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар колледж қызметкерлеріне сапалы еңбегі, кәсіби шеберлігі және оқу орнының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін марапаттар табысталды.