18 наурыз — «Ұлттық киім күні»

Ұлттық құндылықтарды жаңғырту және дәріптеу, бай мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Ұлттық style» және «Ұрпақ үні» жобаларын жүзеге асыру аясында студенттер арасында ұлттық киімдердің салтанатты дефилесі өткізілді.

Бұл шара ұрпақтар сабақтастығының, дәстүрге деген терең құрметтің және ұлттық мәдениеттің өзіндік болмысын сақтауға деген ұмтылыстың жарқын көрінісі болды. Студенттер ұлттық образдарды ерекше ықыласпен және шабытпен таныстырып, олардың эстетикалық әсемдігі мен рухани маңызын айшықтады.

Осындай іс-шаралар ұлттық сананы нығайтуда маңызды рөл атқарып, өз тамырына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады және халықтың мәдени мұрасына ұқыпты қарауға тәрбиелейді.