2025 жылғы 22 қазан күні Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында «Қазақстан Республикасы күніне» арналған апталық іс-шаралар аясында «Бірліктегі күш» атты спорттық жарыстар өтті.

Жарыстарға 1–3 курс студенттері қатысты.

Спорттық жарыстарды өткізудің мақсаты:

  • Қазақтыңұлттықойындарын насихаттау;
  • Студенттердіңспорттыққабілеттерін жүзеге асыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Денсаулықтынығайту мен салауаттыөмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында студенттерді спорттық және бұқаралық іс-шараларға тарту;
  • Ортақмақсаттарғажету барысында ұжымшылдық пен өзара көмек көрсету қасиеттерін дамыту;
  • Салауаттыөмірсалтын насихаттау.

Жарыстар келесі кезеңдер бойынша өтті:

  1. «Тоғызқұмалақ»
  2. «Асық ату»
  3. «Бес асық»
  4. «Арқантартыс»
  5. «Тізбек»

Студенттер өздерінің күшін, ептілігін, жылдамдығын және түрлі ойын жағдайларында тез шешім қабылдау қабілетін көрсетті.

Жарыс нәтижелері бойынша номинациялар келесі ретпен орналасты:

  • «Өзелінің патриоты» – «Емдеуісі» мамандығының топтары;
  • «Ұлттықмұраныңсақтаушысы» – «Мейіргер ісі» мамандығының топтары;
  • «Еңспорттық топ» – «Фармация» мамандығыныңтоптары;
  • «Еңкүшті топ» – «Стоматология» мамандығыныңтоптары;
  • «Еңепті топ» – «Қолданбалы бакалавр» мамандығыныңтоптары.

Жарыстар жоғары деңгейде өтті, барлық топтар жақсы дайындық пен тапқырлықтарын көрсетті.