2026 жылғы 12 наурызда клиникалық пәндер ЦӘК №3 пәндік апталығы аясында «Мейіргер ісі» мамандығының 2–3 курс студенттері арасында «Үздік мейіргер» атты кәсіби байқау өткізілді.

Іс-шараның басында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгульжина Ж.З. құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы қыздарға сәттілік тіледі.
Байқаудың мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тереңдету және кеңейту, сондай-ақ практикалық біліктері мен кәсіби дағдыларын жетілдіру.
Байқау үш кезеңнен тұрды, оның барысында қатысушылар практикалық манипуляцияларды орындады. Студенттер көктамыр ішіне тамшылатып инфузия жасау, вакуумдық жүйені пайдаланып көктамырдан қан алу және перифериялық көктамырлық катетер қою дағдыларын көрсетті. Әр станцияда қатысушылар іс-әрекет алгоритмін орындап, сарапшылар манипуляциялардың дұрыс әрі рет-ретімен орындалуын бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Медведева Валерия, 310 ПБ тобы;
2 орын – Шакенова Гульназ, 210 мс тобы;
3 орын – Үскембай Гүлдана, 210 мс тобы.
Байқау студенттерге кәсіби дайындық деңгейін көрсетуге, практикалық дағдыларын нығайтуға және таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға жақсы мүмкіндік болды.